Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл мерекелері қарсаңында «Ардагерлер туралы» заңы қабылданып, ардагерлер қауымын ерекше қуантып отырғанына сенімдімін. Өзім де қабылданған заңмен танысып, ерекше бағалап отырмын. Жаңа заңның артықшылықтары ардагерлердің санаты кеңейтіліп, ҰОС ардагерлеріне, ауған соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері ардагерлеріне, тағы да басқа бітімгершілік операцияларына қатысқан еңбеккерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктердің болуы қуантарлық жағдай. Бұл заң – ардагерлердің еңбегіне берілген әділ баға деп санаймын. Заңда ардагерлерге көрсетілетін жеңілдіктер мен көмектер үшін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысымды білдіремін.
Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы П.Сулейменов