Сәлематсыздар ма ардақты ағайын! Бүгінгі Отанқорғаушылар күні мерекесімен тұспа тұс Ардагерлер туралы Заң қабылданған екен. Жаңа заңда ардагерлерге жыл сайынғы төленетін жәрдемақы көбейіп, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген ардагерлер салықтың 11 түрінен босатылады деп айтылып жатыр.
Десек те, мемлекеттің ардагерлерді назардан тыс қалдырмай, елеп-ескеріп, қамқорлық танытып жатқандығы қуантады. Ардагерлерін ардақтаған елдің ұрпағымыз. Қарттарын қадірлеген ел озады демекші осындай заң қабылданғанына өз басым қуанып отырмын. Елімізде жылдан жылға саны кеміп бара жатқан Ұлы Отан Соғысы ардагерлері үшін жасалынған жақсылықтар өте орынды деп санаймын. Отанқорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймын!
Аудандық аурухананың дәрігері Б.Сәмекқызы