Бүгінгі қабылданган Ардагерлер туралы Заңымен әлеуметтік желі арқылы таныстым! Ардагерлер ұйымы- еліміздегі саяси салмағы басым, саны жағынан да басқа әлеуметтік топтардан шоқтығы биік ұйым болып есептеледі. Ендеше, Президент Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ардагерлер туралы заңга өзгерісті дер кезінде жасады деп ойлаймын.
Қазір еліміз басқа сапалық жағдайдағы күрделі кезеңде өмір сүріп жатқанын ескерсек, Ардагерлердің қоғамдағы рөлінің арта түсетіні бесенеден белгілі. Мен ғана емес, бүкіл мойынқұмдық зейнеткерлер бұл Заңдағы өзгерістерді қуана қабылдағанымызды айта келе, алдағы кездерде де, Ардагерлеріміздің қоғамдағы рөлінің арта түсетіндігіне сеніміміз мол!!!
Мойынқұм ауданының «Құрметті азаматы» Ш.Акимов