Отбасы табиғаттың бізге берген ең тамаша сыйы. Ұлы ойшыл Рудаки «Өмір-теңіз, онда жүзем демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» дегеніндей, өмір есігін ашқан сәттен бастап адам баласы жанұяда махаббат пен мейірімге бөленіп өседі. Отбасы, сүйіспеншілік пен шындық, адалдық пен мейірімділік, қайырымдылық пен құрмет сынды құндылықтар алғаш қалыптасатын, әке атану және ана болу бақытын сезінетін ең тамаша орта.
Облысымыздағы этномәдени бірлестіктер арасындағы үлгілі әулетке Тұрдыевтар жанұясы да кіреді. Тұрдыева Мухабат Абдрахманқызы тек отбасының ұйытқысы, аяулы жар, ардақты ана ғана емес, Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы, мемлекеттік тілдің жанашыры, қайырымдылықты серік еткен жомарт жандардың бірі. Отбасының қорғаны -жолдасы Қахарджан Тұрдыев зейнеткерлігіне қарамастан өңірлік ассамблея іс-шараларына жұбымен бірге аянбай атсалысып келеді, қадірлі жұбайының қолдаушысы. Бақытты жұп 4 қыз тәрбиелеп, 7 немере сүйіп отыр. Ал қыздары Мариям мен Хамида өңірлік ассамблеяның «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері. Хамида осы жастар ұйымының жетекшісі. Мерейлі отбасы, өңірдегі барлық қайырымдылық шаралардың белсенділері. Ұрпаққа үлгі болар отбасылар саны көбейе берсін!
Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығының баспасөз хатшысы
Бибігүл Шахзада