Жаныңда жүр жақсы адам тани білсең

0 2

Адамның адами асыл қасиеттері қалыптасатын отбасы, қоғамның іргетасы десек қателеспейміз. 15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы халықаралық отбасы күнін атап өтеді. Бұл айтулы мереке отбасының қоғамдағы рөлін барынша айшықтай түсері анық.

Жамбыл облысында этномәдени бірлестіктер арасында елге танылған жанұялар көп. Мәселен, Умаровтар шаңырағы ерекше тәлім-тәрбиенің, мәдениеттің биігінде тұрған жанұяның бірі. Елге еңбегімен танылған Умаров Ғұлам Мухтарұлы — облыстық мәслихаттың депутаты, Жамбыл облыстық Қан орталығының басшысы және оған қоса қоғам қайраткері ғана емес, өз әулетінде де текті тәрбиесімен үлгілі отағасының біріне айналып үлгерген азамат. Жұбайы Диляра Тілегеновамен тәлімді-тәрбиелі, қызғалдақтай 2 қыз өсіріп отыр.

Тамыры тереңге жайылған дәрігерлер әулетінен өніп-өскен Ғұлам Мұхтарұлы да ата жолын қуып, адам өміріне араша түсетін дәрігер мамандығының майталманы күн сайын облыс жұртшылығына зор пайдасын тигізуде. Үлгілі отағасы осындай күреске толы қызметімен қатар шаңырағын шаттыққа толтырып, терең тәрбие беріп отырған ардақты әке.

Отбасының берекесі имандылықтан басталады.Сондықтан, жанұядағы тәрбиенің алар орны ерекше. Халықаралық отбасы күні өнегелі әулеттердің өрісін кеңейтуге ықпал етуде.

Мәңгілік Елдің негізін құраушы осындай берекелі, мерекелі отбасылар біздің еліміздің болашағы екені анық.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі орталығының баспасөз хатшысы

Бибігүл Шахзада

Leave A Reply

Your email address will not be published.