Аудан әкімі Б.Қазанбасовтың 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай құттықтау сөзі

0 214
Құрметті балалар, бүлдіршіндер! Қадірлі ата-аналар!
Сіздерді 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Балаларды қорғау күні – бұл тек қана көңілді мереке емес, балалардың бақытты болып өсуі, жақсы жағдайда оқуы, өзінің сүйікті ісімен айналысып, болашақта тұлға болып қалыптасуы.
Бүгінгі таңда елімізде балалардың алаңсыз білім алуына, бақытты балалық кезеңдерін өткізуге барлық жағдай жасалып отыр.
Балаға тәрбие беретін ең алдымен оның ата-анасы болса, екінші, тәрбиемен қоса білім беретін балабақша, мектеп және бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорт, өнер мектептері, балалар мен жасөспірімдер орталығы қызмет көрсетеді.
Бұл жағдайдың барлығы біздің ауданда толықтай жасалған.
Сондықтан Сіздерді бүгінгі мерекемен тағыда құттықтай отырып, қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, есен де сау ел мақтаныштары болуларыңызға тілектеспін.
Тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп өніңіздер.
Leave A Reply

Your email address will not be published.