Талас ауданында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Талас ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Кезекті отырысқа аудан прокуроры И.Тойшыбеков, комиссия мүшелері – аудандық ПБ, аудан әкімдігі бөлімдерінің, аудандық орталық аурухана басшылары, «Талас тынысы» газетінің бас редакторы, азаматтық сектордың өкілдері қатысты.
Отырыс шеңберінде аудандағы қиын өмірлік жағдайға тап болған, мемлекеттің көмегіне мұқтаж отбасылар мен балаларды әлеуметтік қолдау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мемлекеттік органдарының, ата-аналар қоғамының, азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттесу жөніндегі мәселелер талқыланды.
Отырыс барысында аудан прокуроры И.Тойшыбеков ауданда кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты ұсыныстар енгізді.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе, комиссия төрағасы Қ.Садубаев мүдделі мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, үкіметтік емес сектормен бірлесе отырып, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.