Мойынқұм ауданында «Ассамблея — татулықтың темірқазығы» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді 

0 0

Мойынқұм ауданында  Елбасы Н.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында аудандық мәдениет үйінің филиалы Бірлік ауылдық клубында Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толуына орай өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Ассамблея — татулықтың темірқазығы» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді , —  деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Кез келген мемлекет үшін қоғамдық келісімнің маңыздылығы ерекше.  Міне осы орайда өткізілген отырыстың бар мақсаты ел бірлігі мен тыныштығын сақтаудың барлық ұлт өкілдері үшін, әсіресе тыныштығы мен достығы сақталып айрандай ұйып отырған аудан халқына өскелең ұрпаққа осы достығымыздың мәңгілік болуын жеткізу болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.