Жамбыл облысында ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап қоғамдық көлік шектеулі режимде жұмысын бастайды , — деп хабарлайды «ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Автобус маршруттарының жұмыс кестесі таңертең сағат 07.00 – 10.00 –ге және кешке 17.00 – 20.00 сағ дейін.
Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында Тараз қаласында қоғамдық көлікте маскалар мен қолғаптарды міндетті түрде кию режимін енгізу туралы маңызды шешім қабылданды.
Осы шешімнің орындалуын мониторинг тобы бақылау керек.