Тұрар Рысқұлов ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау жалғасуда , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі жолдаған «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ » атты халыққа Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет деп тапсырған болатын. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.Осыған байланысты барлық аудандарда халықтың мұң-мұқтажы мен талап-тілек, өтініш-шағымдарын тыңдап, тиісті шешім қабылдау мақсатында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізуде. Бүгін осындай шара Абай ауылында өткізіліп, халықпен кездесуге аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы Садырқұлов пен аудан прокурорының орынбасары Нұрбек Нусипов, бөлім, мекеме басшылары барды.
Абай ауылдық округі бойынша түске дейін барлығы 7 азамат көшпелі қоғамдық қабылдауда болып, оның ішінде 3 азаматқа түсініктеме беріліп, қалған 4 азаматтың өтініші бақылауға алынып, тиісті бөлімдерге жұмыстар жүргізу үшін жолданды.
Кеше Құлан ауылында барлығы 12 адам көшпелі қабылдауға келіп,өз проблемаларының оңтайлы шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетініне көз жеткізді.
Сұрақтар үй салуға жер беру,салынған үйге газ кіргізу, жұмыспен қамту, тау суын тиімді пайдалану, медициналық қызмет,мүгедікті ресімдеу,кәсіпкерлік жұмыс, жеңілдетілген несие алу т б тақырыптарды қамтыды.Барлығына нақты жауаптар беріліп,тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта Луговой,Қарақыстақ,Көкдөнен ауылдық округтерінде өтеді.