Өмірлік қиын жағдайға қалған балаларды қолдау орталығында «Ұлы халықтың — ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кеш өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған шара барысында орталық тәрбиеленушілері ақынның өмірі мен шығармашылығынан үзінді сахналанды.
Бұдан бөлек тәрбиеленушілер орталықта құрылған «Абай ауылына» саяхат жасап, кемеңгер ақынның заманына енді.