Облыс әкімінің тапсырмасымен облыс бойынша көшпелі қоғамдық қабылдаулар өтуде. Кеше Байқадам ауылдық округінде өтсе, бүгін қабылдау Жайылма ауылдық округінде жалғасын тапты, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек жергілікті жерлерде ел тұрғындарының мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың көкейде жүрген өтініштерін тыңдады.
Қабылдауға келген ауыл тұрғындары Қалтай Манапқызы мемлекет тарапынан жәрдемақы алу мүмкіндіктері жөнінде кеңес алса, Есмахан Амангелді коммуналдық төлем мен есту аппараты, Баймұратова Бахыткүл атаулы әлеуметтік көмек, Сатқынов Серікбек коммуналдық төлем, Жұмасаева Райгүл біз біргеміз қорынан берілетін елу мың теңге бойынша сұрақтарын қойды.
Ал, шешілмей жатқан мәселелер болса, оның барлығы да кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Ауыл тұрғындарын мазалап жүрген барлық сауалдар бақылауға алынып, өтініштер бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын жеткізіп, қоғамдық қабылдауда айтылған мәселелердің оң шешілуінің барлық заңды жолдарын қарастыратындығы айтылды.