Мойынқұмда көшпелі қоғамдық қабылдаулар жалғасуда , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауындағы билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады, яғни «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» құру тапсырмасын орындау үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың хаттамалық тапсырмасымен берілген көшпелі қоғамдық қабылдау апталығы бүгін «Үлгілі ауылымыз» Биназар ауылында өткізілді.
Аудан басшысы М.Мұсаев бастап барған 1 топ мекеме басшылары түске дейін 11азаматты қабылдады, олардың 5-уі ауыл шаруашылығы, егін туралы сұрақпен келсе, 4 — құрылыс саласына қатысты болған, жер сұрап 1 азамат келген және құқықтық кеңес алуға 1 азамат қайырылған. Бұл азаматтардың барлығына да тиісті заңнамалар аясында түсінік жұмыстары жүргізіліп, 7 өтініш бақылауға алынса, 3 өтініш иесі қабылдау барысында бірден қанағаттандырылған, 1 азаматқа түсіндірілді.