Тұрар Рысқұлов ауданында карантиндік шектеулер күшейтілуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы аудан әкімдігінде құрылған жедел штаб хабарлайды: «Бүгінгі күні Covid-19 індетін жұқтырған еліміз бойынша 15 877 азамат,оның ішінде Жамбыл облысында-597 азамат тіркеліп, елімізде 100 адам науқастан қайтыс болса, облыстан 1 адам дүниеден өтті. Өкінішке орай елімізде науқастар саны тәулік сайын көбеюде.
Ауданда 17 ошақтан індет жұқтырған 27 азамат /3-і бала/ тіркелді. Науқастардың 8-нде науқас белгілері байқалмаған.
Бүгінгі таңда бұл аудан азаматтары арнайы ем қабылдап,қоғамнан оқшауланған.
Тығыз байланыста болған жақындары мен таныстары үй карантиніне жатқызылған.
Науқас жандардың 27-нің сырттан індет жұқтырып келгені-13 азамат, мысалы,Қарағанды,Шымкент, Алматы қалалары мен Меркі ауданына барып келген азаматтар бар.
Сондықтан аудан тұрғындарына сақтық шараларын қатаң сақтау талабы қойылуда:
1.Отбасылық мерекелер мен жиындарды тоқтату,шектеу қою қажет.
2.Отбасы мүшелері сыртқа шықпай,өз үйінде барынша оқшаулану керек.
3.Балалар мен жасы 65-тен асқан азаматтардың көпшілік ортаға шықпауын қатаң қадағалау керек.
4.Созылмалы ауруы бар азаматтардың барлығы карантиндік шараны қатаң сақтауы керек.
5. Қоғамдық орындар мен нысандарға барғанда БЕТПЕРДЕ тағу міндетті екенін ұмытпайық.
6.Жаныңызда үнемі антисептик болуын қадағалау қажет.
7.Көп адамдар жиналған ортаға мүлдем бармай, көшеде себепсіз жүрмеу керек.
«Сақтансаң сақтайды»-дегенді бұрыннан өсиет еткен бабалар сөзі естен шықпау керек.
Індет жасты да жынысты да нәсілді де таңдамайды,ауру айтып келмейді.Сондықтан денсаулықты күту-әр азаматтың өз қолында.
Сақ болайық!