Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында «еститін мемлекет» («халық үніне құлақ асатын мемлекет») тұжырымдамасы жария етілді.
Бұл билік пен қоғамның өзара әрекеттестігінің мүлдем жаңа пішімі. «Менің ниетім – өз азаматтарын тыңдайтын және, ең маңыздысы, олардың үнін еститін мемлекет құру», – деп мәлімдеді Тоқаев.
Осыған орай елдің мұң-мұқтажын еститін мемлекет. Тұрғындарға құлақ асатын әкімдіктің жұмысын жандандыру мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен көшпелі қоғамдық қабылдаулар өтуде.
Осындай қабылдау бүгін Жаңаарық ауылдық округінде жалғасын тапты.
Түске дейін оннан астам сұрақтар келіп түсті. Жалпы 1 қанағаттандырылды, 4 түсіндірілді, 5 бақылауға алынды.