Сарысудағы 3 ауылда ойын алаңы ашылды , – деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
«Ауылына қарап азаматын таны» «Ауылына қарап азаматын таны»,-деген сөз бекер айтылмаған.
Қашанда бірлігі мен тірлігі жарасқан елдің ертеңі жарқын болады.
Міне, осыны тағы да дәлелдеген Сарысулықтардың ауылдары да көркейіп, орталығы өркендеп келеді.
Сарысу ауданында күн санап жағымды жаңалықтар көбеюде.
Тек аудан орталығында ғана емес шалғай ауылдарда да тұрғындары мен кішкене бүлдіршіндері үшін қуанышты жаңалықтар орын алуда.
Өткен жұма күні Жайлаукөл,Қамқалы, Шығанақ ауылдарының ойын алаңдарының ашылуында Сарысу аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Құдайберген Рысдаулет пен аудандық спорт бөлімінің басшысы Саят Бегалиев құттықтау сөз сөйлеп, ауылдық тұрғындардың қуанышымен бөлісті.
Жайлаукөл ауылындағы ойын алаңын салдырған жеке кәсіпкер Айнабеков Сағдатқа ауылдықтар дән риза.
Жалпы мұндай балалар ойын алаңы тек қана Жайлаукөл де ғана емес, Қамқалы ауылдық округінің Шығанақ,Қамқалы ауылдарында да ашылды.
Балалар көз қуанышымыз, сол сықылды, әрбір баланың қуанышы біздің бақытымыз.