Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары А.Нәметқұлов мониторингтік топ мүшелерімен бірге аудан орталығы Мойынқұм ауылындағы кәсіпкерлік нысандарға түнгі рейд жасады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттвқ агенттігі.
Құрамында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мүшесі бар мониторингтік топ Жамбыл облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің м.а Н.Муликованың «Жамбыл облысында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» 2020 жылдың 5 шілдесі күнгі номері 28 қаулысын ұстанбаған 1 кафе иесін қаулымен таныстырып, хаттама толтырып, түсінік жұмыстарын жүргізді.