Облыстық «Үлгілі ауыл» байқауына үміткер Мойынқұм ауданы Биназар ауылының жастары індетке қарсы үлкен азаматтық танытып ауылдағы медициналық пунктке қажетті құралдар алып берді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Ауыл азаматы ұстаз, ардагер спортшы Қыдырбаев Дүйсенғалидың басшылығымен және ауыл ақсақалдар алқасы жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып ауылдағы, сырттағы азаматтардың демеушілік көмегімен 1 млн қаражат жиналып, ауылдағы медициналық пунктке 2 дана — демалу аппараты, 10-пульсометр, 3 дана — небулайзер, 2-кварц аппараты, 2-оттегі жастығы және т.б басқа қажетті дәрі дәрмектер жеткізіп берілді.
Бұл тек бастамасы ғана, алда тағы да ауылға бұдан көбірек дәрі дәрмек аламыз деп отыр ауыл азаматтары.