Жамбыл облысындағы ауруханаларға оттегі концентраторлары табысталды

0 6

Бүгін «Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі «Шұғыла» қоғамдық қоры арқылы 12 оттегі концентраторларын сатып алып Жамбыл облысындағы ауруханаларға табыстады, — деп жазады «ZhambylNews» Ақпараттық агенттігі.

Облыстық маслихаттың депутаты Гүлдара Нұрумованың төрағалығымен, Жамбыл облысының іскер әйелдері қауымдастығының бизнес өкілдерінің қатысуымен 13 шілдеден бастап медициналық техниканы сатып алуға 2 млн теңгеден астам қаражат жиналған. Оттегі концентраторы Жамбыл облыстық көп бейінде ауруханасына, Жамбыл облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы, Байзақ, Жамбыл және Меркі аудандарының орталық ауруханаларына берілді.

Сонымен қатар, Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы қаражат жинап, 100 медициналық қорғаныс костюмдерін (CR-K жиынтықтары) сатып алған, олардың көпшілігі жақын күндері жедел жәрдем станциясына беріледі.

Қоғамдық бірлестік медициналық мекемелерге басқада көмек көрсетуде. Қауымдастықтың мүшесі Меруерт Лештаева Таразда алғашқылардың бірі болып емделушілер мен медицина қызметкерлері үшін қаладағы және аймақтағы ауруханаларға ыстық тамақ дайындауды бастаған болатын.

Акция бұдан кейін, Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйытқы болуымен жалғасын тапты. Олар құнарлы әрі емдік сусынды науқас жандарға жеткізуді жөн көріп, COVID-19 дертін жұқтырған науқастар ем алып жатқан көпбейінді балалар ауруханасына 100 литр ақ сусын жеткізген болатын. Сондай-ақ, бұл шара аудандарда жалғасын тапты.

— Барлығымыз бірге тез арада ақша жинадық. Бұл ақша «Шұғыла» қоғамдық қорына аударылылды. Себебі 1 оттегі концентратының құны 170 000 теңгені құрады. Бұл жеткізушінің және басқада шығындарды қоспағандағы өндірушінің жеңілдік бағасы. Ал олар бізге Таразға дейін тегін жеткізіп берді. Қиын кезеңде мұндай игі іске үлес қосып жатқан кәсіпкерлерге алғыс айтамын! — деді Меруерт Лештаева.

Айта кетейік, 12 шілдеден бастап,  қаладағы Гауһартас мейрамханасында күн сайын 2-3 ауруханаға 200-300  астам адамға арналған жаңа піскен сорпа, ет, сүт өнімдері жеткізіледі.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 3122 жағдайы тіркелді. Коронавирустан емделіп шыққандар саны – 1432 болып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.