Рүстем Дәулет әр тұрғынның мәселесін қараусыз қалдырмады

0 0

Қордай ауданының әкімі Рүстем Даулет аудан жұртшылығын онлайн қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жергілікті атқарушы органдарға азаматтардың өтініштерін қарау бойынша тапсырмасы аясында ауданда жүйелі жұмыстар қолға алынған.

Әкіммен тікелей байланысқа шыққан азаматтардың өтініштері қатарында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөліп беру, тұрғын үй салуға көмек көрсетуге ықпал ету бойынша сұрақтар түссе, сонымен қатар қатты желден үйі бүлінген тұрғындар да көмек беруге өтініш білдірді.

Қабылдау барысында барлық өтініш иелеріне Заң аясында тиісті түсініктемелері беріліп, жұмыс жүргізу үшін жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді.

Аудан басшысының азаматтарды жеке мәселелерімен онлайн форматта қабылдауы әр аптаның жұма күндері өтетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.