Кәсіпкерлердің құқығын қорғау басты назарда

0 0

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау басты назарда.  Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Әділхан Әшірбаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Департамен басшысы ағымдағы жылдың 6 айында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлық деректерінің жүйелі түрі бойынша – 6, кіші және орта бизнес субъектілерінің жұмысына заңсыз араласу бағытында – 5 деректің тіркелгендігін, оның нәтижесі бойынша 73 кәсіпкердің құқықтары қорғалғандығын атап өтті.

Сондай-ақ, тіркелген қылмыстық істер бойынша 604,8 млн. теңге көлемінде залал келтірілген. Департаментпен жасалған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде келтірілген залалдың 419,4 млн. теңгесі өндіріліп, 122,3 млн. теңгеге мүлікке тыйым салынған. Бұл тек жарты жылдың қорытындысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.