Облыс бойынша аула маңын тиімді пайдалану үшін пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Оған енген елді мекендер үкімет мақұлдаған жобаның қызығын көріп жатқаныда жетерлік. Соның бірі Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылында еселі еңбек етіп, есік алдындағы алаңдарын тиімді пайдаланып жатқан жандарда жетерлік, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Ауылда 14 ұлт пен ұлыс өкілдері жалпы саны 10 мыңнан астам халық тұрады. Ауыл тұрғындары негізінен көкөніспен айналысады. Олардың ішінде аула маңын тиімді пайдаланып, көкөністің көсегесін көгертіп жатқандар көп. Соның бірі Ысқақовтар отбасы. Есік алдындағы жер телімін тиімді пайдаланып жатқан жанұя, жылда өздеріне қажетті дәруменді осыдан жинап, артықтарын өткеріп пайдаға кенелуде.
— Есік алдындағы 12 соттық жерді игеріп жатқанымызға бірнеше жыл болды. Жылда көкөністер, қияр, қызанақ, картоп егеміз. Отбасымызбен осы жерді игеріп жаз бойы тірлік жасаймыз. Қыстық азығымызды осы жерден жинап аламыз, — дейді ауыл тұрғыны Меруерт Ысқақова.
Отбасылық табысты әліде арттыра түсу үшін Ысқақовтар жанұясы құс өсіруді де қолға алған. Түйеқұс және тауықпен айналысып жатқан отбасының ауласында тіпті халық арасында бақыт құсы аталып кеткен таус құсында кездестіруге болады.
— Егіннен басқа үй шаруашылығымен айналысамыз. 80 шақты тауық, 20-дан аса түйеқұс асырап жатырмыз. Оның жұмыртқаларын отбасымызбен пайдаланамыз. Бұған қоса сәндік үшін бақыт құсының 2 жұбын алып келгенбіз. Қазір асырап, бағып жатырмыз, — дейді Меруерт Ықақова.
Аула маңын тиімді пайдаланып жатқандардың тағы бірі Жақсылық Қуанышбеков. Ол кәсіпкерлікті қолдау бойынша 3,5 млн. теңгеге 8 жылқы сатып алған. Оның төртеуін бордақылап жатса, төртеуін байлап қымыз өндіруде.
— Қолау көрсетіп жатқаны үшін барлығына рахмет айтамын. Қазір 4 биені сауып отырмыз. Қазіргі таңда індетке байланысты қымызға сұраныс көп, — дейді Жақсылық Қуанышбеков.
Жалпы қазіргі таңда ауылда мал басы 5 мыңға жетсе, құс саны 7 мыңнан асқан. Сонымен қатар, көкөніс көлемі өткен жылға қарағанда артып отыр. Мұның барлығы істің көзін тауып, шырайын кіргізіп жатқан шаруалар арқасы дейді ауыл әкімі.