Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 104 жағдайы тіркелді

0 0
Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 104 жағдайы тіркелді, оның 46-сы симптомдық, 58-і симптомсыз – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Тараз қаласында 28 симптомдық жағдай, Сарысу ауданыда 5, Қордай және Жамбыл аудандарында 4, Жуалы және Байзақ ауданында 2 жағдайдан, Талас ауданында 1 жағдай тіркелді.
Барлық науқастар ЖРВИ белгілері бойынша өздері емханаға жүгінген.
Облыс бойынша барлығы 24 зейнеткерде симптомдық коронавирус расталды. Ал, ең кішкентай науқас әлі бір жасқа толмаған. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Олармен байланыста болған адамдар карантинге алынды. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Сондай-ақ, өткен тәулікте Таразда 22 симптомдық жағдай анықталған десек, оның ішінде бір байланыста болған тұлға бар. Сарысу ауданында 18, Қордайда 16, Талас облысында 2 жағдай белгілі болды.
Симптомсыз науқастардың қатарында Қордай ауданынан бір жасар сәби, Тараздан 6 жасар бала, Сарысу ауданынан 8 жасар мектеп оқушысы бар.
Олардың барлығы үй карантиніне алынды.
Жалпы, ағымдағы жылдың 19 шілдесіндегі жағдай бойынша Жамбыл облысында 2896 коронавирус инфекциясы тіркелген. Олардың 1345-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.