Жуалы ауданында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, аулалар абаттандырылуда

0 4

Жамбыл облысы Жуалы ауданында жалпы құны 4,6 млрд.теңгеге 38 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 28 жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылмақ.Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде , — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Осы бағдарлама шеңберінде Нұрлыкент ауылында суару науалары орнатылуда. Ағымдағы жылдың мамыр айында өз жұмысын бастаған мердігер «Жігер» ЖШС нысанды тамыз айының аяғында пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Аталған ауданға жұмыс сапарымен барған өңір басшысы мердігерге тек суару науаларын сапалы орнатып қана қоймай, су қосалқы шаруашылықтарға жету үшін әр үйге бұрылатын «құлақтарды» қалпына келтіруге міндетті екенін атап өтті.

Сондай-ақ, аудандағы Теріс ауылына су құбырын тарту жұмыстарына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 180 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Құрылыс алаңында болған аймақ басшысы жұмыстың бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанына көз жеткізді. Осы орайда ағымдағы жылдың қазан айында Терістегі 155 үй таза ауыз сумен қамтылады деп күтілуде.

Сумен қамту жүйесі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Т.Дүйсебайұлы ауылында да салынуда. Бүгінде мердігер «Интеллект Азия» ЖШС жұмыстың 70 пайыздан астамын аяқтап үлгерген. Жоспарға сәйкес келер жылға өтпелі құрылысты компания биыл аяқтауға ниетті. Жуалы ауданының тағы 12 ауылында таза ауыз су тарту жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек аудандағы білім саласындағы 5 жобаны жүзеге асыруға 284,2 млн. теңге бөлінген. Қоңыртөбе ауылында орта мектептің құрылысы және 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Солардың бірі – Б.Момышұлың ауылындағы №29 орта мектеп. Білім ордасы ғимаратының қасбеті жаңартылуда. Сонымен қатар, мектеп асханасы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жаңғыртылып, санитарлық тораптары жергілікті бюджет есебінен жабдықталуда.

Кабинеттер, спорт, акт залдарының жағдайы жақсы деңгейде. Директор Мұхамеджан Бейшеновтің айтуынша, мектепте 600-ге жуық бала білім алуда десек, жыл сайын оқушылар саны артып келеді.

Білім ордасы жыл сайын интерактивті тақта мен компьютерлер санын арттыруға басымдық беруде

Leave A Reply

Your email address will not be published.