Өңірде пневмониямен аурырғандар саны 2,6 есеге төмендеді

0 0

Ағымдағы жылдың 4 тамызда Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырған 3863 адам тіркелді. Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде, соңғы аптада 28 шілде – 4 тамыз аралығында пневмониядан аурушаңдық 2,6 есе төмендеді. Бұл туралы бүгін «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов айтты, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Тіркелген жағдайлардың ішінде 1589 науқас симптоммен, 2094 науқас симптомсыз. Инфекциялық стационардан 3004 азамат сауығып шықты. Жалпы облыста коронавирус індетін емдеу және оқшаулау шараларын ұйымдастыру мақсатында 2030 төсекқоры жасақталған.

Сондай-ақ, эпидемиологиялық тексеру барысында науқас тұлғалармен қатынаста болған 14116 тұлға анықталып, оның ішінде 12041 жақын қатынаста, 2075 потенциалды қатынаста болғандар. Қатынаста болған 11863 тұлға қадағалау уақытының аяқталуына байланысты бақылаудан шығарылған, қалған тұлғалармен қаулыға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Ал, инфекциялық стационарда – 199 адам емделуде. Реанимация бөлімінде 48  науқас жатса, ИВЛ аппаратында жатқандар-12, оттегіне қосылғандар — 93 адам. Провизорлық стационарда – 295 емделуші және үй жағдайындағы карантинде – 1621 болса, 5876 — сы карантиннен шығарылғандар. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 7 айында 12869  адам пневмониямен аурырған.

Облыста медициналық бұйымдар мен қажетті препараттар жеткілікті. Қазіргі таңда 69 958 дана костюмдер, 424 198 бір реттік маскалар, 42 509 респиратор, 302 451 бір реттік қолғаптар, 230 вирусқа қарсы препараттар, 71 847 антисептиктер және дезинфекциялық заттардың  қоры бар. Медициналық мекемелердегі жеке қорғану құралдарының қоры таусылғанға дейін орташа есеппен 42 күнге жеткілікті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.