Бұрын сотты болған тараздық түрмеге телефон лақтырған

0 3

Бұрын сотты болған тараздық түрмеге телефон лақтырған. Оның құйтырқы ісі жедел-алдын алу жұмыстары барысында анықталып отыр   , — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

ЖД-158/7 мекемесінің Асқаров көшесі бойын белгісіз біреудің торуылдап жүргені күдік туғызды. 5513 әскери бөлімінде қысқа мерзімді әскери борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер А.М.Алимжанов, М.Құрбан және Ж.И.Бейсенов бейнебақылау арқылы байқап, мекеменің кезекші тобына хабарлайды. Көп ұзамай күдікті азамат қолындағы белгісіз затты қоршау асырып ішкі күзет аумағының №4- аумағына бағыттап лақтырып, қашуға әрекеттенеді. Қажетті іс-әрекет амалдары орындалып, оқиға орнына Тараз қалалық Полиция басқармасының 1-полиция бөлімі тергеу-жедел тобы шақырылып, белгісіз ораманы ашу барысында 3 бірдей ұялы телефон табылды. Белгілі болғандай бұрын істі болған азамат Тараз қаласының 35 жастағы С.С.В есімді тұрғыны. Қазіргі таңда әкімшілік құқықбұзушылыққа байланысты іс сотқа жолдану үшін құжаттар әзірленуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.