Сарысуда көшпелі қоғамдық қабылдау жалғасуда

0 11

Сарысуда көшпелі қоғамдық қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Қоғамдық қабылдаулар күрмеулі мәселелерді шешуге көмектеседі. Іс-шара билік пен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындар арасында күнделікті шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелердің оң шешімін табу, кеңестер беру, ақпараттандыру мақсатын көздеді.

Қабылдауға Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов және басқа да аудандық құрылымдар қатысты.

Ізгі шара аясында Ұйым ауылының тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша нақты жауаптар алды.

Көшпелі қоғамдық қабылдау барысында аудан әкімі мен аудан әкімдігінің бөлімдері 13 азаматты қабылдап, оның ішінде 9 мәселе бойынша түсініктеме берілді, 2 сұрақ шешімін тапты, 3 сұрақ бақылауға алынды.

Жиында қойылған сұрақтардың бәрі хаттамаға түртіп алынды. Күрмеуі қиын мәселелердің басшылыққа алынатындығы, ол бойынша алдағы күндері жұмыс жүргізілетіндігі айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.