Мойынқұмда көшпелі қоғамдық қабылдау жалғасуда

0 9

Бүгін Мойынқұм ауданындағы Құмөзек ауылында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аталмыш қабылдауда ауыл тұрғындары әсіресе кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер саласына қатысты өз өтініштерін білдірді. Сонымен қатар ауыл тұрғындары жоғары жылдамдықты интернет желісін орнатуды сұрады.

Көшпелі қабылдау барысында 10 азамат өтініш білдіріп, барлық өтініш бақылауға  алынды.

Сондай-ақ, шараға аудан әкімі Мәден Мұсаев, аудандық соттың төрағасы Б.Абуев, полиция бөлімі басшысының орынбасары Ү.Айнақұлов  және бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Қабылдау санитарлық талаптарға сақтай өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.