Бүгін Жамбыл ауданы әкімінің жұмыс бөлмесінде «Әкім сағаты» жобасы 9 мәрте өткізілді. Бұл жолы тікелей эфир өткізген аудан әкімі Сәкен Арубаев, ағымдағы жылғы ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылған жұмыстар туралы сөз сабақтап, әлеуметтік желі арқылы түскен сауалдарға тұщымды жауап қайтарды, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Жамбыл ауданының жер қоры 430 954 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 247 182 гектар.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдалануға жарамды егістік көлемі 56863 гектарды құрап отыр ( 28 850 гектар суармалы, 28 013 гектар суарылмайтын).
Ауданда барлығы – 3258 агроқұрылым жұмыс атқаруда , оның 4-еуі өндірістік кооператив болса 3254-і шаруа қожалықтары.