Жамбыл ауданында 280 гектар алқапқа жаңбырлатып суару технологиясы енгізілген

0 8

Тараз қаласымен іргелес жатқан Жамбыл ауданының шаруалары ауылшаруашылығы саласында жаңа мүмкініктерді қолдануда. Қазірдің өзінде мұнда 280 гектарға жаңбырлатып, 2766,5 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясы қолданылуда. Бұл туралы аудан әкімі Сәкен Арубаев «Әкім сағаты» жобасында айтты, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда аудандағы 62 шаруашылық су үнемдеу технологиясының тиімділігін көруде. Бірі 339,1 гектарға жеміс-жидек дақылдарын ексе, көкөніс- 2232,4 га, қант қызылшасы — 230 гектарға орналастырылған. 245 гектар алқапқа орналастырылған көпжылдық шөп те аталған технологиямен нәрлендіріледі.

Айта кетейік, биылғы жылы ауданда ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылатын егіс көлемі 56863 гектарды құрап, жоспар 100,2 пайызға орындалған.

-17545 гектар алқапқа себілген масақты дәнді –дақылдар толықтай жиналып, өнім көлемі гектарына -21,3 центнерді құрады. Жалпы түсім 37370 тоннаны (күздік бидай-9337 тн, жаздық арпа -28033 тн) құрады,-деп атап өтті аудан басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.