Жамбыл ауданының тұрғындары пилоттық жобаның тиміділігін көруде

0 16

Жамбыл облысында өткен жылы қолға алынған «Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру» жобасы өз тиімділігін көрсете бастады. Бұл туралы аудан әкімі бүгін өткен «Әкім сағаты» жобасының кезекті санында мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Жамбыл ауданынан пилоттық жобаға Бесағаш ауылдық округі кірген болатын. Бүгінде барлық аулаға несие беріліп, 5 бағыт бойынша жұмыстар өз жалғасын тауып жатыр. Мәселен, кондитерлік цех ашу үшін сұраныс берген ауыл тұрғыны 1 860 000 теңге несиеге қол жеткізіп, кәсібін бастады.

Қазіргі уақытта қажетті 2 тоңазытқыш , кондитерлік пеш, кондитерлік қоспаны араластырғыш құрылғы және тот баспайтын нержавикалық үстелмен қажетті жабдықтарды сатып алған.  Қазіргі уақытта мұнда ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша тәтті бәліштер пісірілуде

Leave A Reply

Your email address will not be published.