Жамбыл ауданында мал басының өсу динамикасы байқалуда. Ірі қара 866 басқа, қой-ешкі 4,1 мың басқа, жылқы 1,3 мың басқа,үй құстары 4,7 мың басқа артқан, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.
Өңірде жалпы 5 мың тонна ет өндіріліп, 58,8 тоннаға артса, сүт өндіру 27,3 мың тоннаға жетті.
Өндірілген жұмыртқа 861,4 мың данаға артып, 46,1 млн. теңгені құрап отыр.
Қазір ауданда 6 370 басқа арналған 13 мал бордақылау алаңы, 13 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істеуде.
— Малға қатысты айта кететін бір мәселе, аймақта Қырғыз елінен заңсыз өткен малды уақытша ұстайтын орын болмай тұр. Осы мәселені шешу мақсатында Жасөркен елді мекенінен контрабандалық малды ұстайтын арнайы орын құрылысы басталып кетті (34,1 млн.теңге), — деп атап өтті аудан басшысы Сәкен Арубаев.