«Бизнес бастау» бағдарламасы арқылы кәсібін дөңгелетіп отыр

0 28

Мойынқұмда мемлекеттік грант ұтып алып, оған кәсіп ашып дөңгелетіп отырған отбасылар қатары өсіп келеді. Соның бірі Динара  Берлібаева «Бизнес бастау» бағдарламасымен асханалық курсын оқып 505 мың грантқа ие болған. Қазірде өз кәсібін дөңгелетіп отыр, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жыл басынан аудан бойынша 111 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Бүгінгі күні жоспар толық орындалып отыр.

Динара бес бала тәрбиелеп отырған көп балалы ана. Жодасы вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Жолдасының тапқан табысы отбасын асырауға жетімсіз болған соң ол мемлекеттің өзіне ұсынған мүмкіндігін пайдаланады.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан берілген атаулы әлеуметтік көмекте жағдай түзетуге сеп болады. Қазіргі таңда аудан орталығанда орналасқан асханада түрлі тағамдарды әзірлеп, келген қонақтардан ризашылықтарын алуда.

— Өзім ана болғанан соң және аспаздықты ұнатқаннан кейін осы кәсіпті ашсам деген мақсат болды. Бір жағынан жолдасыма көмек болсын деп осы кәсіпті дөңгелетіп отырмын. Барлық жұмыс өз ойымнан шығып жатыр. Ары қарай дамытсақ деген ой да бар. Қазіргі уақытта бір азаматша көмекшім болып жүр және қыздарым көмектесуде, алдағы уақытта тағыда көмекшілер алсам деген ойым бар, — дейді ол.

Жыл басынан ауданда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының қайтарымсыз грант 111 адамға жаспарланып, бүгінгі күні 111 азаматқа — 61,4 млн.теңге қаржат есепшоттарына аударылған. Оның ішінде 23 атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы, 11 көп балалы ана, 51-і 29 дейінгі жас, 2-і мүмкіндігі шектеулі, 25- жұмыссыз және 1 пробация қызметінің есебінде тұрған азамат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.