Сарысуда «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары анықталды

0 15

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын құттықтады, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

— Пандемияның шарықтаған кезінде халыққа қол ұшын беріп, қайырымдылық, волонтерлық жасаған азаматтарымыздың еңбегі ескерілді. Әрине, ұсыныс берілген әр азамат пен азаматша өзінің қажырлы еңбегі мен мейірімді істерімен жоғары бағаға лайықты болды. Бұл қазақы дархандығымыздың, бойға сіңген көпшілдігіміздің, мықтылығымыздың кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге екенін жақсы түсінеміз, — деді аудан әкімі.

Сонымен, «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты ретінде «Жыл меценаты» номинациясы бойынша аз қамтылған, көп балалы отбасына көмек көрсеткені үшін Тоқтасын Балалаев, «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты ретінде «Туған өлке» номинациясы бойынша Сарысу ауданында пандемия кезінде қоғам өміріне белсенді атсалысып, қайырымдылық акцияларын ұйымдастырғаны үшін «Сарысу қайырымдылық қорының» ұйымдастырушысы, «KazakSMR» ЖШС-ның директоры Баймен Әлкеев марапатталды.

Бұған қоса, «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты ретінде «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша белсенді азаматтық ұсынымы және қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін Еркебұлан Сейдішұлы, «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты ретінде «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ» номинациясы бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды қайырымдылық көмек беруге бас демеушілік жасағаны үшін «Жаңатас желэлектр станциясы» ЖШС -і және «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты ретінде «Ерен еріктілік» номинациясы бойынша Сарысу ауданында пандемия кезінде қоғамның қайырымдылық шараларына ат салысып, волонтерлық қызметтерге белсенді қатысқаны үшін Ғани Рыспанов марапатталды.

Сондай-ақ, 2020 жылдың наурыз айынан басталған пандемияға байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде ерікті түрде 4300 азаматты бетпердемен қамтамасыз етіп, азаматтық танытқаны үшін Сарысу ауданы тұрғындарының атынан Алик Бекмусаевқа Алғыс хат табысталды. Дәл осындай 2020 жылдың наурыз айынан басталған пандемияға байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде ерікті түрде орталық ауруханаға оттегі концентраторы құрылғысымен қамтамасыз етіп, азаматтық танытқаны үшін Сарысу ауданы тұрғындарының атынан Зәуір Бозжігітовке Алғыс хат табыс етілді.

Аудан басшысы аудан халқының әл-ауқатының артуы мен аудан экономикасының қарышты дамуына қосып отырған азаматтарға алғыс білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.