Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

0 1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен Кувейт, Молдова және Кипрдағы төтенше және өкілетті елшілер тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Азамат Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Ол бұл қызметке тағайындалғанға дейін 2019 жылдың маусымынан бастап сыртқы істер министрлігі қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің директоры болды.

«Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды», – делінген президент жарлығында.

Дархан Кәлетаев 2020 жылдың ақпан айынан Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін, ал Сатыбалды Бұршақов 2019 жылы қыркүйек айынан бері Израильдағы елші қызметіне кіріскен болатын. Ендігі жерде елші Сатыбалды Бұршақов Қазақстанның Кипр Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметін атқаратын болды.

Айта кетейік, бұған дейін ел президенті Асқар Жұмағалиевті Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындады. Сондай-ақ, Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі ауысты. Бұл қызметке Мағжан Ілиясов тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.