Сарысуда нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны –2 585, оның ішінен 1 986 ауыл тұрғындары, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны 2 816, атап айтқанда: тұрақты жұмыспен қамтылғандары — 1 423(532 Жол картасы), қоғамдық жұмысқа жолданғандар — 808, жастар практикасы — 253, мемлекеттік грант алғандар — 296, «Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқыту — 144, әлеуметтік жұмыс орындарына- 136, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға — 131, шағын несие алғандар — 20.
Есепті кезеңде 988 жұмыссыз азамат есепте тұр. Оның ішінде ауыл тұрғыны — 765 адам.