Сарысуда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күнге 131 азамат қысқа мерзімді оқуға жолданды, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету үшін 39 495,0 мың теңге қарастырылды. Ал, 11 азамат оқуын аяқтаған, оның ішінен бесеуі тұрақты жұмысқа орналасып, қайтарымсыз мемелкеттік грантты 4 адам алып, қалған 120 азамат оқуын жалғастыруда.