Талас ауданында асарлатып салынған тағы бір үйдің кілті табысталды

0 9

Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Асарлатып үй салу» жобасы арқылы салынған Талас ауданындағы екінші баспананың кілті Аққұм ауылының тұрғыны, әлеуметтік аз қамтылған отбасы санатындағы Берік Такеевқа таьыс етілді, деп жазады “ZhambylNews” AA. 

Байзақ ауданынан бастау алған жобаның мақсаты – «Асар» дәстүрін жаңғырту, халықты береке-бірлікке бастау. Жобаның ерекшелігі – мұқтаж отбасы ауыл ақсақалдарының шешімімен анықталады. «Асарлатып үй салу» жобасында басымдық әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы отбасыларға берілді.Облыс бойынша барлығы 123 үйдің кілтін табыс ету    жоспарланған.  Бүгінгі таңда, 117 үйдің құрылысы    басталып, оның 21-і пайдалануға берілді. Бүгінгі күні 96 үйдің құрылысы жүргізілуде.

Бұл игілікті шара өңіріміздің әр ауданыңда жалғасын тауып келеді. Соның бірі — Талас ауданы. Жоба аясында аталған аудандағы   13 ауылдық округте тұрғын үй салу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Жалпы аудан бойынша 9 баспана салынуда.

Аудан бойынша асарлатып соғылған үйдің алғаш кілті Майтөбе ауылындағы жанұяға табысталған болатын.

Аққұмда табысталған заманауи үлгіде соғылған 110 шаршыметрлік төрт бөлмелі үй көздің жауын алады. Ауыл жастары бірлесе қалаған  үйдің құрылысына төрт айдың жүзі кеткен. Қазіргі таңда, үйдің шатыры жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары толығымен аяқталған. Демеушілердің көмегімен жаңа қоныс иелеріне  жиһаз бен тұрмыстық техникалар да тату етілді. Ал пәтер құны 2 миллион 500 мың теңгені құраған.

Қоныс тойында ауылдың бой көтерген жаңа тұрғын үйлердің кілтін Облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев мен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы табыс етті.

«Келісті атаның жолы-кейінгіге үлгі» демекші, жақсы істі жаңғыртып, жалпының жанын жадыратқан «Асар» ісі ағайынның арасын нығайтуға, әлсізді демеуге үлкен себепкер, ел арасына тың ой салған игілікті іс болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.