Бесағаштықтар үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануда

0 11

Бесағаш ауылында «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған» жобаның бірінші бағыты үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бойынша 1176 ауланың, 1117 ауласы 155 гектар жерді игеруге кіріскен, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Оның ішінде 1-айналымда жалпы 155 гектарға өнім еккен. 1 айналымға жалпы қажет қаражат – 13,3 млн теңгені құрап отыр (Тұқымға қажет қаржы – 5,3 млн тг, тыңайтқышқа 5,9 млн тг, пестицидке 0,17 млн тг, жанар-жағармайға 2 млн тг.)

Ал, 2-айналымда жалпы 67,4 га —  қияр 40  га (1055 аула), шалғам (редиска) 5,15 га (478 аула), сәбіз 22,26 га (253 аула).

Жалпы, 2 айналымға жалпы қажет қаражат – 9 424 000 теңгені құрап отыр.

Үй іргесінен жиналған өнім 2792,6 тонна (1040 тонна қызанақ, 27,6 тонна сарымсақ, 396 тонна картоп, 1200 тонна пияз, 129 тонна жүгері).

Жиналған өнімнің 837,6 тоннасы (312тонна қызанақ, 8 тонна сарымсақ, 119 тонна картоп, 360 тонна пияз, 38 тонна жүгері) ішкі тұтынуына жұмсалынса, 1955 тоннасы (728 тонна қызанақ — сату бағасы 90 тг/кг, 19 тонна сарымсақ – 700 тг/кг, 277 тонна картоп – 75 тг/кг, 94 тонна пияз – 840 тг/кг, 20 тонна жүгері – 130 тг/кг)сауда орындарында сатылды. Оның ішінде, 3 025 мың теңгеге 36 тонна «Іске Сәт» АШК арқылы өткерілген.

Бүгінгі таңда, «Іске сәт» АШК-де сатуға дайын 20 тонна картоп, 40 тонна пияз өнімі бар.

Сондай-ақ, 2021 жылдың көктемгі мезгілінде қияр, қызанақ, картоп, сәбіз, пияз дақылдарын егуді жоспарға енгізілген.

Бұған қоса аймақта жылыжай құрылысы бойынша Сейідхан Кадырбаев 11 соттық  қияр егуге 11 млн тг. несие алды. Қазірде темір бағаналар толық тұрғызылған, сыртын пленкамен жабу және ішіне жылу орнату жұмыстары жүргізілуде. Көкөніс отырғызатын орындар дайын. Сондай-ақ, 5 соттық жерге қияр егуге Елжан Елубай 5,7 млн теңге несие алған. Қазр жылыжайдың құрылыс жұмыстары жүргілізуде. Темір трубалардан қабырғалары тұрғызылды. Қажетті құрылыс материалдары толық алынып бітті. 54 дана поликарбонат /көлемі 6х2,1 / жылыту пеші, 50 дана темір трубалар және басқа да метариалдар бар, ішкі жұмыстары жүргізілуде.

Одан бөлек Бесағаш ауылы тұрғыны Саят Ғарипуллаевтың 6,5 соттық үй іргесіндегі 4 га картоп және 2,5 га жеріне қызанақ, қияр егілген жеріне тамшылатып суару әдісі құрылғыларымен тегін түрде орнатылған.

Сонымен қатар, жас кәсіпкер Есеней Қалжанов үй іргесіндегі жерлерін тиімді пайдалану мақсатында 31,5 соттық жерге 450 дана жеміс ағаштарын отырғызды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.