Мойынқұмда «Жолдау – жастардан жастарға» атты акция өтті

0 5

Бүгін Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылдық округінің Желтоқсан клубында «Жолдау – жастардан жастарға» атты акция өтті, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Шара аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының мүшелерімен және ауданның белсенді жастарының қатысуымен ұйымдастырылды.

Аталмыш акцияға аудан әкімі Мәден Мұсаев қатысып, жастармен тілдесті. Алдымен акцияда аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» директоры Марат Белгімбаев жыл ішінде орталықтың атқарылған жұмыстары жайында айтып өтті. Содан соң аудан әкімі Мәден Мұсаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын негізге ала отырып пандемиямен күресте ерікті жастардың алар орыны зор екенін атап, аудандағы ауылшаруашылық, құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстар жайын назарға ұсынды. Сонымен қатар алдағы мәжіліс депутаттарының сайлауында да жастардың алар орын еркеше екеніне тоқталды. Бұдан бөлек аудан, ауыл жастарын еңбекке шақыру, тазалық, тәрбиелік маңызы бар акцияларын ұйымдастыру жағын баса айтып, алдағы уақытта тың идеялары мен жоспарларын бір арнаға тоғыстырып, ауданның әлеуетін арттыру жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Сонымен қатар акцияда жас кәсіпкер Эльвира Жамбылқызы, Кеңес ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспектор Ернат Абдраймовтар сөз алып аудандағы ауылшаруашылық, құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстарға өз ризашылықтарын білдірсе, ал Қызылтал ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Асылхан Таңатар және Бірлік ауылының тұрғыны Данияр Қонсалиевтер өз сауалдарын қойып, оған нақты жауаптар алды.

Жиын соңында «Волонтер жылына» орай ауданымыздың бірқатар азаматтары марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.