Жамбыл ауданында қашықтықтан оқуға кедергі жоқ

0 17

Жамбыл ауданынан шалғай орналасқан Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат, Өрнек, Ерназар, Ащыбұлақ, Шайдана ауылдарында интернет мәселесі шешімін табуда, деп жазады “ZhambylNews” AA.

Ауыл тұрғындары пандемияға табандылық танытқанымен, дәстүрлі оқыту маусымына балаларын жіберуге қорықты. Олар елімізде індеттен сақтану бағытында қолға алынған қашықтықтықтан оқыту форматын қуана құптады. Ал бұл форматта білім алуға ғаламтор желісі ауадай қажет екені бесенеден белгілі.

Ауданнан 30 шақырымда орналасқан ауылдарда ғаламтор желісінің екі таяқшасын әзер көрінеді. Ауыл әкімдері де бұл жағдайдың алдын алу үшін «Қазақтелеком АҚ» аудандық бөлімшесінің табылдырығын тоздырғанын қынжыла жеткізді. Бөлімше мамандарының айтары интернет нүктелерінің тапшылығы. Дегенмен мемлекет тарапынан мыңнан аса заманауи планшеттер аз қамтылған отбасыларға үлестірілді.

Әйтсе де, ғаламтор желісін біржола шешілетіні жөнінде ешкім тап басып айта алмады. Осы сұранысты қанағаттандыруды көздеген аудан әкімі Сәкен Арубаев тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, ауданды ғаламтормен қамту қажеттігін жедел қолға алу керектігін басып айтты. «Амал іздеген жол табар» демекші, «Транстелеком» АҚ-ның Тараз қаласындағы «Жамбылтрастелеком» компаниясы мен «NewTelcom» ЖШС-нің дилері ұсынатын тиімді жобаны қолдаған аудан әкімі компания қызметкерлерімен кездесіп, жобаның құрылымын егжей-тегжейлі талқылаған. Енді, сөзден іске көшсек. Кездесуден кейін үш айдың жүзі көрінді.

Бірақ жоғарыда аталған ауылдарда жағдай өзгерген. Компаниялардың басшылары Дархан Омаров пен Мырзалы Жақаевпен барлық ауылдарда кездесу өткізіп, тұрғындарға бастаманың қыр-сырларын ашық жеткізді. Компания өкілдерінің айтуынша, инвесторлардың көмегімен жүзеге асырылатын жоба әр үйге 35 мың теңге көлемінде орнатылып, халықтың ақшасына қажетті құрылғылары алынады. Екі ай ғаламтор желісі тегін берілсе, келесі төлем 4000 мың теңге мен 7000 теңге (ғаламтор жылдамдығына байланысты) аралығында болмақ. Жылдамдығы да жоғары (40 Мбит/с). Бұл тарифке қосымша 110 телеарналарға қосылуға мүмкіндік бар. Ең бастысы – ауылдардан ғаламтор қажеттілігі бойынша өтініштер көп болуы қажет.

Тұрғындар бастамаға сөзсіз келісіп, үйді-үйге ғаламтор желісін тартты. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, соңғы 3 айдың ішінде 368 өтініш иесі жылдам ғаламтор желісінің қызығын көріп отыр. Өрнек ауылдық округінде 226, Қарасу ауылдық округінде 30, Тоғызтарау ауылдық округінде 70, Ерназар ауылдық округінде 42 азамат бастаманың рахатын көре бастаса, желінің жылдамдығына көзі жеткен тұрғындар компания өкілдеріне өтініш білдірудің сәтін күтіп жүр. Бұл ғаламтор желісінің түйіні тарқытылып келеді деген сөз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.