Тараз қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүзеге асырылуда

0 3

Тараз қаласында пәтер кезегінде тұрған тұрғындарды баспанамен қамту үшін ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 54 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Онда барлығы 3025 пәтер орналасқан, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Бұл құрылысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жетеуі келесі жылға өтпелі болса, 47-сі ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.

Ал, 15-ші шағын аудан орналасқан Сүлейменов көшесінің соңындағы алқап бүгінде қайнаған құрылыс алаңына айналған. Мұнда 362 гектарда шамамен 8 мың 500 отбасына арналған 190 көпқабатты үйді құрайтын 15-ші мөлтек аудан бой көтеруде. Алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда. Бүгінде 35 үйдің құрылысы аяқталған.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы 45 пәтерлі 10 арендалық тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп жатса, қосымша 60 және 80 пәтерлі 9 кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына арналған «Арай» тұрғын алқабынан 45 пәтерлі 4, «Бәйтерек» мөлтек ауданында бір подъездік 15 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.