БЖЗҚ-да жинақтары бар зейнеткерлер қалған соманың 50%-ын пайдалана алады

0 16

Бүгін қалалық ақпараттық топтың мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша Тараз қаласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы облыстық «Aulieata-media» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесу өткізді, — деп жазады «ZhambylNews»ақпарат агенттігі. 

Кездесуге газет, телевидения, сайт тілшілері қатысып, Бірыңғай зейнетақы қорынаң (бұдан әрі – БЖЗҚ) қызметкері Наталья Кузьмина Жолдауға  сәйкес зейнетақы жинақтарын пайдалану тетігі қандай болатыны жөнінде айтты.

Маманның айтуынша, , негізгі қағидат – зейнетақы жинақтары жинақтаушы зейнетақы жүйесінен азаматтарды болашақта зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажет. Сондықтан белгілі бір сома зейнетақы шотында қалуы керек. Осы соманың артығын азаматтар өз қалауы бойынша жоғарыда көрсетілген қажеттіліктеріне пайдалана алады.

— Жоғарыда көрсетілген қажеттіліктер үшін БЖЗҚ жинақтарының бір бөлігін алу құқығын зейнетақы жинақтары бар еңбекке қабілетті жастағы азаматтар «жеткіліктілік шегі» деп аталатын соманың бір бөлігін (бұл шамамен 529,7 мың адам) пайдалана алады. Сондай-ақ, БЖЗҚ-да жинақтары бар зейнеткерлер қалған соманың 50%-на дейін пайдалана алады. Мысалы, 30 жастағы азаматтар үшін «жеткіліктілік шегі» 2 млн 518 мың теңгені құрайды. Осы сомадан тыс, олар жоғарыда көрсетілген қажеттіліктерге таңдау жасай алады. 35 жас үшін – 2 млн 961 мың теңге. 40 жас үшін – 3 млн 437 мың теңге. 45 жас үшін – 3 млн 947 мың теңге. 50 жас үшін – 4 млн 495 мың теңге. 55 жас үшін – 5 млн 084 мың теңге болса, 59 және одан үлкен жас үшін – 5 млн 586 мың теңге, — дейді ол.

Сондай-ақ, маман  «жеткіліктілік шегі» бар азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында немесе өзі, ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстары (аталары/әжелері, ата-аналары, балалары, немерелері, аға-інілері) үшін емделуге ақы төлеу үшін пайдалана алатынын атап айтты. Мақсатты пайдалану үшін осы отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.