Таразда жер кезегінде тұрған азаматтардың жеке тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар

0 1

Бүгінде Тараз қаласында 19 мыңға жуық тұрғын жер телімін алу үшін кезекте тұр. Енді олардың несие арқылы жеке тұрғын үйге қол жеткізуге мүмкіндігі болады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 15-ші шағынаудан бой көтеруде. Қазір 35 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталған. Сондай-ақ осы алқапта жеке тұрғын үйлер құрылысы үшін 403 жер телімі белгіленген. Баспаналар жеке инвесторлар тарапынан соғылып, несиеге берілетін болады. Бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлер бірінші кезекте жер телімін алуға кезекте тұрған азаматтарға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы несиеге ұсынылуда. Жоғарыда аталған тұрғын үйлерді пайдалануға берген соң 765 әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасылар пәтермен қамтамасыз етілетін болады.

Бүгінгі таңда 255 жер теліміне құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 4 мердігермен келісім-шарт жасалып, 20 коттедждік үйлердің құрылысы аяқталып, оларға әлеуетті сатып алушылар анықталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.