Сарысу аудандық мәдениет үйінде «Еркін елдің еріктілері» атты еріктілер жылының қортындылау форумы өтті, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Форумды «Жастар ресурстық орталығы» директорының міндетін атқарушы С.Тоқбанов жүргізіп отырды.
Форум қонақтары ауданның кәсіпкері Ф.Шаимқұлов пен «Алтын белгі» білім беру орталығының директоры Ғ.Құлтумаев еріктілерге арнайы тілектері мен өздерінің жетістіктері жайлы кеңестерін айтып өтті. Өз кезегінде жастар форум қонақтарына арнайы сұрақтарын қойды.
Форум соңында аудан әкімінің орынбасары Л.Нұрмаханова белсенді жастарды «Халық алғысы» медалімен, облыс, аудан әкімдерімен мәслихат алғыс хаттарымен марапаттады.