Мойынқұм аудандық Мәдениет үйінде 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елiм- Қазақстан» атты салтанатты жиын өтті, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Шарада алдымен сахна төрiне ҚР мемлекеттік туы кiргiзiлiп, Ән ұраны шырқалды. Жиынға қатысушыларды аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Амангелді Нәметқұлов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Шахикерім Исабеков құттықтап, ауданның қол жеткен жетістіктері мен алға қойған мақсаттарына тоқталды.
Бұдан кейін бiрқатар азаматтарға «Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы» атағы мен «Облысқа сiңiрген еңбегі үшін», «Ауданға сiңiрген еңбегі үшін» медальдары табыс етілді.
Жамбыл облысының «Құрметті ардагері» атағы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаевқа берiлсе, бiлiм саласындағы нәтижелi жетiстiктерi үшін аудан әкімдігінің бiлiм бөлiмiнiң басшысы Ж. Жазықбаев «Алтын адам» төсбелгісімен марапатталды. Ауданның әлеуметтік — экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бiрқатар аудан тұрғындарына аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттары» тапсырылды.
Жиын соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелiк ән шашуларын тарту етті. Ескере кететін жайтсалтанатты жиын барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді.