Мобильді топтар тәртіптік рейдтерді жалғастыруда

0 5

Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан  «Шолпан», «Ақбосаға» және  «Наурыз» мейрамханаларында  50-ден астам адам жиналған мереке өткізілгендігі анықталып, мейрамхана иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, тиісті шаралар қолданылды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Аудан әкімдігі жанындағы мобильді топ құрамымен ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 14 тамыздағы №32, №47  Қаулысын аудандағы сауда  орталықтары мен ұсақ дүкендерді, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету нысандарын аралап, эпидемияға қарсы санитарлық режим талаптарының, жұмыс режимінің сақталуы бойынша 1 қазаннан бастап  647 нысанға рейд жүргізіліп, түсіндіру, тексеру  жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылда жалпы карантин режимін бұзып, ҚР ӘҚБ тК-нің 425 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 8 жеке кәсіпкерге 2 430 750 теңге және 23 жеке тұлғаларға 958 410 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.