«Ақ жол» өкілдері Таразда жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

0 6

Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демократиялық партиясы бүгін Тараз қаласында болып, жергілікті кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды «ZhmbylNews» АА аталмыш саяси ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен партияның Жамбыл облыстық филиалында партия төрағасы жергілікті кәсіпкерлермен пікірлесті.

Сондай-ақ үгіт-насихат тобы өңірдегі бірнеше кәсіпорынды аралады. Олардың қатарында «ПОШ-Тараз» фабрикасы, «Тараз КожОбувь», «Тараз тері зауыты» бар. «ТаразКожОбувь» өндірістерге қажетті былғары аяқ киімдерді шығарады. Өндіріс өз цехтарында заманауи германдық қондырғыларды орнатқан. Ал «ПОШ-Тараз» болса, аймақтағы 1961 жылы іргетасы қаланған ең көне өндірістердің бірі. 2010 жылы мұнда қуаттылығы 873,6 тонна жаңа жүн өңдеу цехы іске қосылған болатын. Бұл өндіріс те заманауи француздық қондырғылармен жабдықталған. «ПОШ-Тараз» зауытында ақжолдықтар өз сайлауалды бағдарламаларын түсіндірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.