Жамбыл ауданында 2 мобильдік, 1 мониторингтік және 17 ауылдық округі әкімі аппаратының жанынан құрылған шұғыл топ мүшелері үздіксіз жұмыс жасауда, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Шекара таңдамайтын, ұлт талғамайтын коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың қатары күн санап қайтадан көбейіп келеді. Халықаралық сарапшылардың мәлімдеуінше, қарапайым ғана сақтану талаптары яғни, халық көп шоғырланатын орындарға бас сұқпау, антисептик сұйықтығын жиі қолдану, бетперде режимін сақтау індеттің дендеуіне едәуір тосқауыл болса керек. Бұл ережелерді халыққа хабарлау — ортақ міндет екені айтпасақта түсінікті.
Олар сауда орталықтарына, азық-түлік дүкендері мен халық көп шоғырланатын орындарға жаднамалар таратып, түсіндіру жұмыстарына басымдылық беріп, ойын-сауықтан әсіресе, алдағы мереке күнгі жиындардан таса болу керектігін ескертуде. Сонымен қатар, күні кеше аудан жастары 200 бетперде және 100 парақша тұрғындарға таратса, аудан аумағында орналасқан 30 мешітте дауыс ұлғайтқыштың көмегімен қараша халыққа сақтану ережелері түсіндірілуде. Ал, тәртіп сақшылары яғни, 17 ауылдық округтердегі учаскелік полиция инспекторлары қызметтік көлігіндегі дыбыс көтермелеудің көмегімен көше бойымен жүріп өтіп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындау керектінін тілге тиек етуде.
Жамбыл ауданының тұрғындарына бетперде режиміне атүсті қарамау, көпшілікпен басқосуға бармау керектігін айтқымыз келеді. Бұдан бөлек Жамбыл ауданы әкімдігінің әлеуметтік FACEBOOK және ИНСТАГРАММ желілерінде дерттің бүгінгі ахуалы туралы 20-ға жуық тікелей эфир желі қолданушылар назарына ұсынылып, сауалдарға жауаптар берілді.