Биылғы жылдың қаңтарынан бастап еліміз бойынша әлеуметтік төлемдер өсті. Мәселен күнкөріс деңгейі 34 302, айлық есептік көрсеткіш 2 917, ең төменгі жалақы 42 500 теңге болып белгіленді. Ал, толық еңбек өтілі үшін зейнетақының ең төменгі мөлшері 43 272 теңге болса, базалық зейнетақы төлемі ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрап отыр. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Мұрат Зейнебеков айтты, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
Тиісті нормалар президент қолқойған 2021-2023 жылдарға арналған республикалықбюджет туралы заңда жазылған.
Спикердің сөзінше, биыл зейнетақы 7%-ға өсіп отыр. Ал, зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс46 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрауы тиіс. Бұлдегеніміз 2 917 АЕК мөлшерін 46-ға көбейтесіз деген сөз. Яғни содан шыққан сан – ол зейнеткердің ең жоғарғытабысы — 134 182 теңгеден аспауы тиіс.
Ал, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты арттырылады. Бұл сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға мемлекеттік жәрдемақының, бала кезінен 1-топтағы мүгедектерге қарайтын адамдарға да қатысты. Ал, өзге мемлекеттік жәрдемақылар АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты артқан. Бұл санатқа бала тууға байланысты және бала бір жасқа толғанға дейінгікүтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы алушылармен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері т.б. жатады. Сонымен қатар жұмыстағы өндірістік жарақаттар яғниқызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілгензиянды өтеу бойынша төленетін төлемдер 5 пайызға өсіпотыр.